From Wikipedia, the free encyclopedia
Раушангүл Сәйітқызы Илахунова (15.11.1922, Алматы облысы, Жаркент ауданы – 25.5.2000, Алматы) – актриса, әнші. Қазақстанның халық әртісі[1] (1966; 1955 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген артисі).
Жастайынан ән-биге бейім болып өскен ол 1936 жылы Ұйғыр колхоз-совхоз театрына (Жаркент қаласы) қабылданып, осында 1941 жылға дейін қызмет етті. 1941 жылдан өмірінің соңына дейін Республикалық ұйғыр музыка драма театрының (қазіргі Мемлекеттік Құдыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры)ның актрисасы болды. Алғаш Д.Асимов пен А.Садыровтың “Анархан” спектаклінде басты рөлді орындады. Одан кейін ойнаған рөлдері қатарында Сәнәм (И.Саттаров пен В.И. Дьяковтың “Ғарип пен Сәнәмінде”), Зухра (С.Абдулланың “Тахир мен Зухрасында”), Гүлшәйім (А.Ашировтың “Мұқамшыларында”), Баян, Қамқа (Ғабит Мүсіреповтың “Қозы Көрпеш – Баян сұлуы” мен “Қыз Жібегінде”), Жәмила (Х.Хамзаның “Бай мен кедейінде”), Парман бибі (С.Ахмадтың “Келіндер көтерілісінде”), Сәния (С.Хуршидтің “Ләйлі мен Мәжнүнінде”), Ана (Ш.Хұсайыновтың “Анамның ақ көйлегінде”; 1977 жылы КСРО халықтары театр өнері мен драматургиясы фестивалінің 2-дәрежелі дипломымен марапатталды), Анна Ильинична (И.Ф. Поповтың “Жанұясында”), Эвриклей (А.Вальехоның “Ашулы Одиссейінде”), Мирандолина (К.Гольдонидің “Қонақ үйдің қожасында”), т.б. бар. Илахунова – сахналық ойынының дәлдігімен, нәзік пластикасымен, шығарм. диапазоны кеңдігімен ерекшеленді. Концерттерге де жиі қатысатын Илахунова репертуарынан ұйғыр, қазақ, орыс, өзбек, қырғыз, т.б. халық композиторларының музыкалық шығармалары мен әндері мол орын алды. Әнші ретінде ол тек біздің елде ғана емес, сонымен қатар шет елдерде: Қытайда, Ресейде, Пәкстанда, Түркияда, Молдовада, Татарстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда да жақсы танылды. Еңбек Қызыл ту, “Құрмет Белгісі” ордендерімен, медальдермен марапатталған.[2]
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін инфобокс енгізу қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.